РусскийҚазақша             RSS Twitter Facebook
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңнан астам кітап және 1 миллионға жуық мерзімді басылымдар бар
Телефон:   +7 7292 51 46 24 Толық байланыс мәліметтері

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы

Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 24, 147-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 26 желтоқсан N 320

МАЗМҰНЫ

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы

3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері

4-бап. Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері

2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

8-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құзыреті

9-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құзыреті

3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары

11-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы міндеттері

12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі

міндеттері

4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

13-бап. Шығармашыл қызметкердің мәртебесі

14-бап. Шығармашыл қызметкердің және мәдениет қызметкерінің құқықтары мен міндеттері

15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау

16-бап. Шығармашылық одақтар

17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік

18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар

5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

19-бап. Мәдениет саласындағы қызметті ұйымдастыру

20-бап. Мәдениет ұйымдары

21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі

22-бап. Театрлар

23-бап. Концерттік ұйымдар

24-бап. Кітапхана ісі

25-бап. Мұражайлар

26-бап. Ауыл мәдениеті

27-бап. Мәдени-демалыс ұйымдары

28-бап. Кинематография

29-бап. Шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың гастрольдік қызметі

30-бап. Халық көркем шығармашылығы

31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті қаржыландыру

6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК

32-бап. Мәдени құндылықтар

33-бап. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі

34-бап. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі

35-бап. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу

36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттары

7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

37-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық

38-бап. Мәдениет саласындағы халықаралық ұйымдарға қатысу

8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

39-бап. Мәдениет саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жауаптылық

40-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттық құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) көркем құндылықтар - шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет және өнер туындылары;

2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;

3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;

4) мәдениет - адамзат жасаған әрі жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы;

5) мәдениет қызметкері - кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам;

6) мәдениет саласындағы әлеуметтік мәнді іс-шаралар - республикалық деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерін, мәдениет күндерін, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткізу жөніндегі іс-шаралар және көрнекті мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру;

7) мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөніндегі қызметі;

8) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат - мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға арналған, мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар кешені;

9) мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын орталық атқарушы орган;

10) мәдениет ұйымдары - қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар;

11) мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау - мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;

12) мәдени құндылықтар - зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұра заттары, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәні бар құндылықтар;

13) мәдени қызмет субъектілері - мәдениет саласындағы қызметке қатысушы мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және азаматтар;

14) ұлттық мәдени игілік - Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар мәдени құндылықтар;

15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі - тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ұстау, қалпына келтіру, қорғау және пайдалану жөнінде мемлекет қабылдайтын шаралар;

16) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) - ел тарихы мен мәдениеті үшін айрықша мәні бар ұлттық - мәдени игіліктің тізбесі;

17) шығармашыл қызметкер - кәсіби немесе әуесқой шығармашылық қызметі көркем құндылықтар жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын орындауға немесе түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған жеке адам;

18) шығармашылық қызмет - кез келген нысанда және кез келген тәсілмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған қызмет;

19) шығармашылық одақ - мәдениеттің бір немесе бірнеше жанры кәсіби шығармашыл қызметкерлерінің өздерінің жеке мүшелігі негізінде құрылатын қоғамдық бірлестігі.

2-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат принциптері

Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптері:

1) мәдениетті мемлекеттік қолдау, Қазақстан Республикасы азаматтарының мәдениет саласындағы қызметін жүзеге асыру және мәдени өмірге қатысу құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау;

2) азаматтардың өз мүдделері мен қабілеттеріне сәйкес кәсіби де, кәсіби емес те (әуесқойлық) негіздегі шығармашылық қызметінің еркіндігі;

3) азаматтардың мәдени құндылықтарды жасаудағы, қайта түлетудегі, сақтаудағы, дамытудағы, таратудағы және пайдаланудағы құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

4) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;

5) қазақтың ұлттық мәдениетінің тұтастығын сақтау және өзара байыту факторларының бірі ретінде шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту;

6) қазақ халқының және этностық диаспоралардың тарихи мұрасын сақтау, қоғамның шығармашылық әлеуетін дамыту және молайту үшін құқықтық кепілдіктер жасау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шығармашылық одақтарға, өзге де қоғамдық бірлестіктерге бірігу еркіндігі;

8) балаларды, оқушы жастарды ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарға баулуға, эстетикалық және отаншылдыққа тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жүйесін дамыту;

9) нарық жағдайларында жұмыс істеуі үшін қолайлы орта қалыптастыруда мәдениет ұйымдарына жәрдемдесу болып табылады.

4-бап. Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері

Мемлекеттің мәдениет саласындағы негізгі міндеттері:

1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

3) азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

5) халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;

6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

7) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;

9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;

10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;

11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

2-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

5-бап. Мәдениет саласындағы қызметті мемлекеттік басқару

1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) мәдениетті дамытудың салалық (секторлық) бағдарламаларын бекітеді;

3) мәдениет саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;

4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын бекітеді;

5) мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережелерін айқындайды;

6) Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі мен шарттарын бекітеді;

7) мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру ережелерін бекітеді;

8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде шешім қабылдайды;

9) әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламаларында мәдениет саласындағы басым бағыттарды ескереді;

10) мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру тәртібі мен ережелерін белгілейді;

11) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;

12) Қазақстан Республикасынан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу тәртібін белгілейді.

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады, Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;

2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

3) мәдениет ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;

4) мәдениет саласында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

5) ұлттық-мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

6) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастырады және Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

7) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар енгізеді;

11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;

12) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;

13) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жанрлық бейімділігін және қызмет тегін айқындайды;

14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

15) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерін бекітеді;

16) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;

17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады;

18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;

19) шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру тәртібін бекітеді;

20) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;

21) көркемдік-сарапшы кеңестер туралы ережелерді бекітеді;

22) мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге белгіленген тәртіппен рұқсат береді;

23) Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сарапшы комиссия туралы ережені бекітеді;

24) мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды іске асыру жөнінде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

25) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

26) дарынды жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіріп, қолдауға бағытталған бағдарламалар әзірлейді;

27) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;

28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;

29) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссия құрады;

30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседі.

8-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құзыреті

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:

1) мәдениет саласында өңірлік даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

2) театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

3) театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөнінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;

4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

5) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

6) мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөнінде сарапшылық комиссия құрады;

7) статистикалық байқаулар жүргізеді және уәкілетті органға белгіленген нысанда статистикалық есептер ұсынады;

8) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

9) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;

10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

11) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

13) шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификаттарды белгіленген тәртіппен береді.

9-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құзыреті

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

4) статистикалық байқауларды жүзеге асырады және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органына белгіленген нысанда статистикалық есептер ұсынады;

5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізеді;

6) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді.

3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН

МІНДЕТТЕРІ

10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары

1. Азаматтардың өз қабілеттеріне сай бұл қабілетін жұмсау саласын, іске асыру нысандарын өздігінен таңдау және кәсіби білім алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.

Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі. Осы құқықтың шектелуі ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимімен ғана айқындалуы мүмкін.

3. Кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер зияткерлік меншік, өз еңбегінің нәтижелеріне иелік ету еркіндігі, мемлекеттің қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.

Азаматтардың кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық қызметі ұжымдық немесе жеке негізде жүзеге асырылады.

4. Әрбір азаматтың мәдени құндылықтардың меншік иесі болуға құқығы бар. Жеке меншікті алу, пайдалану және оған иелік ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

5. Әрбір азаматтың өзінің шығармашылық қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және іске асыруға құқығы бар.

11-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы міндеттері

Азаматтар:

1) Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;

2) тарихи және мәдени мұраны сақтауға қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи құндылықтарды қастерлеуге;

3) мәдениетті, мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді, қазақ халқының және этностық диаспоралардың әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

12-бап. Мемлекеттің азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі

міндеттері

1. Мемлекет мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқықтарын қамтамасыз ету жолымен азаматтардың мәдениет саласындағы қызмет құқықтарына кепілдік береді.

2. Мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және мәдениет ұйымдарында Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттауға ықпал етеді.

4-тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС

(ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

13-бап. Шығармашыл қызметкердің мәртебесі

1. Шығармашылық одақтың мүшесі - шығармашыл қызметкердің мәртебесін өз құрылтай құжаттарына сәйкес осы одақ растайды.

2. Шығармашылық одақтарға мүше емес шығармашыл қызметкердің мәртебесі сертификатпен расталады.

3. Кандидаттың шығармашылық қызметі шығармашыл қызметкер сертификатын алуға негіз болып табылады.

14-бап. Шығармашыл қызметкердің және мәдениет қызметкерінің құқықтары мен міндеттері

1. Шығармашыл қызметкердің:

1) жария етілуі немесе жоғалуы өзінің шығармашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе келтіруі мүмкін ақпаратты қорғауға;

2) өз қызметіне үшінші тұлғаларды тартуға;

3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға;

4) шығармашылық және кәсіби мүдделері бойынша қоғамдық бірлестіктерге, қауымдастықтарға және одақтарға кіруге;

5) шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін мұрағаттарға, кітапханаларға, мұражайларға және басқа да мәдениет ұйымдарына еркін баруына құқығы бар.

2. Мәдениет қызметкері:

1) кәсіптік, шығармашылық одақтарға және басқа да қоғамдық бірлестіктерге кіруге;

2) кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуіне;

3) егер мемлекеттік емес мәдениет ұйымының қызметкері болса, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;

4) мемлекеттік бюджеттің немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайта даярлықтан өтуге;

5) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша және үстеме ақыға құқығы бар.

3. Шығармашыл қызметкер және мәдениет қызметкері өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

15-бап. Шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау

1. Қызметі зиянды (айрықша зиянды) еңбек жағдайларымен, қатерге бас тігумен және кәсіптік аурулар қаупімен байланысты шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін әлеуметтік қорғау және сақтандыру, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ аса дарынды жас шығармашыл қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар тағайындалады.

16-бап. Шығармашылық одақтар

1. Мәдениет саласындағы бірлескен күш-жігерді талап ететін шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін ерікті негізде шығармашылық одақтар құрылуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасында республикалық, өңірлік және жергілікті шығармашылық одақтар құрылып, жұмыс істеуі мүмкін.

3. Қазақстан Республикасы облыстарының тең жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар, қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асыратын шығармашылық одақ республикалық деп танылады.

4. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар шығармашылық одақтар өңірлік деп танылады.

5. Қызметі бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында жүзеге асырылатын шығармашылық одақтар жергілікті шығармашылық одақтар деп танылады.

6. Шығармашылық одақтардың халықаралық шығармашылық ұйымдармен қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттарымен реттеледі.

7. Шығармашылық одақтарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

17-бап. Шығармашылық одаққа мүшелік

1. Шығармашылық одақтың жарғысында белгіленген талаптарға сай келетін шығармашыл қызметкердің шығармашылық одаққа кіруге құқығы бар.

2. Шығармашылық одақтың жарғысында кандидаттарға және мүшелерге қойылатын талаптар азаматтардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарына нұқсан келтірмеуге, олардың құрамына тиісті шығармашылық кәсіптердің неғұрлым білікті өкілдерінің бірігуіне, олардың кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал етуге тиіс.

18-бап. Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық

бірлестіктер мен ұжымдар

Кәсіби емес (әуесқойлық) шығармашылық бірлестіктер мен ұжымдар азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, мәдениет ұйымдарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді.

5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ

19-бап. Мәдениет саласындағы қызметті ұйымдастыру

Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың, филармониялардың, оркестрлердің, цирктердің, студиялардың, мектептердің, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, мұражайлардың, кітапханалардың, көркемөнер салондары мен галереяларының, кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени-демалыс ұйымдарының, зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени-тарихи орталықтардың, тарихи-мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруі және қорғауы арқылы жүзеге асырылады.

Мәдениеттің дамуы үшін өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жүзеге асыратын мәдениетті дамыту қорлары құрылуы мүмкін.

20-бап. Мәдениет ұйымдары

1. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Мәдениет ұйымдары қызметінің түрлерін олардың құрылтайшылары айқындайды және бұл олардың жарғыларында көрініс табады.

3. Өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениет ұйымдары мемлекеттік, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін.

21-бап. Мәдениет ұйымдарының мәртебесі

1. Мәдениет саласындағы қызметінің айрықша мемлекеттік және қоғамдық мәні бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық" мәртебе берілуі мүмкін.

"Ұлттық" мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Өз саласында жетекші болып табылатын мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға ұлттық мәдениет пен өнерді қалыптастырудағы, дамыту мен насихаттаудағы елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен "Академиялық" мәртебе беріледі.

3. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары жекешелендіруге жатпайды.

22-бап. Театрлар

1. Театрлар - әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетілімдерін (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері) жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары.

2. Театрлар меншік нысанына қарамастан көркемдік бағыттар, репертуар таңдауда, әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындау туралы шешімдер қабылдауда, сахна туындыларын жасауда және танымал етуде, сондай-ақ тиімді шығармашылық және өндірістік даму үшін қажетті, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыруда ерікті.

3. Азаматтарды мәдени өмір саласына тарту мақсатында халықтың театр іс-шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді ұсынуға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік театрларға бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.

23-бап. Концерттік ұйымдар

1. Концерттік ұйымдар - әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары.

2. Концерттік ұйымдардың негізгі міндеттері музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары бағдарламалар мен нөмірлер жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

3. Концерттік ұйымдар шығармашылық бағдарламалар жүргізуде және репертуар таңдауда дербестікке ие.

4. Республика азаматтарын мәдени өмір саласына тарту мақсатында республика халқының барлық жіктерінің концерттік іс-шараларға қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік концерттік ұйымдарға мемлекеттік бюджеттен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен субсидиялар бөлінеді.

24-бап. Кітапхана ісі

1. Кітапхана ісі - міндеттеріне кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету кіретін мәдениет саласы.

2. Кітапхана - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жеткізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мекеме.

3. Қазақстан Республикасының аумағында әмбебап, жасөспірімдер, балалар кітапханалары, сондай-ақ көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арнайы кітапханалар құрылуы мүмкін.

4. Мемлекеттік кітапханалар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша мемлекеттік кітапхананың иелігінде қалуы мүмкін.

Мемлекеттік кітапханалар:

1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;

2) кемтар азаматтар үшін материалдар дайындауға;

3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуге және қосымша библиография жасауға;

4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды реставрациялауға;

5) көшпелі ақпараттық - көрме іс-шараларын ұйымдастыруға;

6) білім беру және аудармашылық қызметтерін көрсетуге;

7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасауға;

8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;

9) құжаттарды электронды жеткізуге, тақырыптық ақпарат іздестіріп, құрастыруға;

10) экскурсиялық қызмет етуге, фото, бейне түсірілімдер жасауға;

11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге құқығы бар.

Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

5. Кітапхана ісі, сондай-ақ ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі ретінде кітапхана қорларын сақтаумен, пайдаланумен байланысты мәселелер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттеледі.

6. Мүгедек немесе егде жаста болуынан кітапханаларға бара алмайтын кітапхана пайдаланушылар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізуге құқығы бар.

25-бап. Мұражайлар

1. Мұражайлар - мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу функцияларды жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке танытуды қамтамасыз етуге тиіс мәдениет ұйымдары.

2. Қазақстан Республикасының аумағында әр түрлі бейіндегі мұражайлар, соның ішінде жеке коллекциялар мұражайлары құрылуы мүмкін. Айрықша тарихи, ғылыми, мәдени және көркемдік мәні бар жылжымайтын тарихи-мәдени құндылықтар ансамбльдері мен кешендері тарихи-мәдени және (немесе) табиғи қорықтар, қорық-мұражайлар болып жариялануы мүмкін.

Тарихи-мәдени және табиғи қорықтардың, қорық-мұражайлардың мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.

3. Мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекциялары мұражай қорының құрамына кіреді және елдің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Мұражай жәдігерлерін мемлекеттік мұражайлардан жеке меншікке беруге тыйым салынады.

4. Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке және заңды тұлғалармен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша мемлекеттік мұражайлардың және мұражай-қорықтардың иелігінде қалуы мүмкін.

Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың:

1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;

2) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсынуға;

3) фото, бейне түсірілімдер жасауға; ...

http://www.madenimura.kz/kk/government-program-madenimura/legal-acts-madenimura/legal-act-207/ 

Жарияланған күні: 03-02-2016  
Оқылған саны: 1347