• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Оқуға ұсынамыз

Әсем Қоспағарова “Қызыл орамал” прозасы.

«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды

Жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау. Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы Жасөспірімдер бөлімі қордағы жастарға арналған кітаптарды таныстыруды одан әрі жалғастырады. Жас қаламгер Әсем Қоспағарова

1979 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген . 1997-2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін тәмамдаған. 2003 жылы «Шабыт» фестивалінде әдебиет номинациясы бойынша дипломат атанған. Жас қаламгердің алғашқы жинағы оқырмандарға жол тартты.

Әсем Қоспағарова “Қызыл орамал” прозасы. Прозадан үзінді:

- Маматай, мен Санк-Петербургке барам. Питерге! -дедім.

Сен болсаң:

- Санк -Петербург, - деп, әлсіз ғана қайталап, альбомыңдағы суретке сағынышпен қарай түстің.Көк сандықтың аузы айқара ашық екен. Бізге жұмбақ дүниелеріңді көріп отырсың, соншалықты мұң сыйлайтын не нәрсе екенін білгім келді. Жақындап едім, альбомның бетін жаба қойдың, көзім тізеге төгіліп жатқан қызыл орамалға түсті.

12.11. 2000

...Бүгін Қызыл орамалды қызым сұрады. Оған бәрін айтуым керек еді. Өз уақыты келер деп жүрмін. Екеуміздің махаббатымыздың көзі болып қалған сол орамал ғой. Оны көрген сайын сен қасымда тұрғандай боласың. Сағындым!

Жастықтың сырлы сезімі, өмір құндылықтары мен ауыл, қала тіршілігі шынайы суреттелген . Қаламгердің бұл кітабына "Ол","Қара кемпір","Міністр " сынды әдеби орта мен оқырмандар ықыласына бөлініп өз бағасын алған әңгімелері мен қатар жаңа туындылары енген. Кітапты біздің кітапхана сөресінен таба аласыздар немесе #kazneb.kz сайтынан оқи аласыз #2021балаларменжасөспірімдердіңкітапоқужылы #маңғыстаукітапханасы 

: 12:14  


Бір ауыз сөз. Ерекен Қорабаев Баласының сырқаты барын жүдеу өңінен Гүлсім әлдеқашан байқаған.Көңілі сергек, ойыннан қалып жатпағасын әлдеқалай ...

Жаңалыққа өту  

Естеріңізге сала кетейік: Кітапханамыздың БУККРОССИНГ кітап сөрелер өз жұмысын жалғастырады. Сонымен бірге қаламыздың  COFFEESHOP COMPANY, Шаңырақ, ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

Атауы Сартори П., Шаблей П. : Эксперименты империи: адат, шариат и производство знаний в Казахской степи Токарева В.: ...

Жаңалыққа өту  

Жаңа кітаптар - оқырман назарына!  ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Кітапханамыздың Мерзімді басылымдар бөлімінде: • Жаңа түскен басы

Жаңалыққа өту  

✅Сержан Закерұлы  «Арылу» прозасы.            ✏️Психологиялық бағыттағы ойлардың негізінде адам жанының қалтарыстары мен шындығын ішкі әлеміндегі ...

Жаңалыққа өту  

«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды Жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің ...

Жаңалыққа өту  

«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды Жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің ...

Жаңалыққа өту  

«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды Жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу