РусскийҚазақша             RSS Twitter Facebook
Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңнан астам кітап және 1 миллионға жуық мерзімді басылымдар бар
Телефон:   +7 7292 51 46 24 Толық байланыс мәліметтері

Әдеби кешіне шақырамыз!

Ақындық бақыты

Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты.

М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ - олақ», «Шынықсаң - шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын - зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған. 

Уикипедиядан алынған.


Оқылған саны: 97



Маңғыстау ғашықтары

18 қазан күні кітапханамызда МАҢҒЫСТАУ ҒАШЫҚТАРЫ: Кайып-Ақбөбек, Ақшора-Белтұран, Қаработа-Доңғара туралы әдеби-музыкалық кеші өтеді. Келіңіздер! Көріңіздер!


Оқылған саны: 62

"Әнімен елін тербеген". Әсет Бейсеуов.

icon

Өнер бөлімінде Композитор, Қазақстанның халық әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Бейсеуовтің туғанына 80 жыл толуына орай "Әнімен елін тербеген" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Оқылған саны: 58

«Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат» ақпараттық сағат.

icon

Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қатысуымен 16 қазан күні, сағат 11-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат»  атты ақпараттық сағат өтеді.                                       

 


Оқылған саны: 94

Жолдау - 2018

icon

Құрметті оқырмандар! ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ:  ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жолдауының басты бағыттарын талқылауға шақырамыз. Болатын уақыты: 11 қазан күні, сағат 14-00-де. 

 


Оқылған саны: 82

Журналист Үміт Жәлекемен кездесу.

24 қазан күні жасөспірім  бөлімінің ұйымдастыруымен  "Газет оқырманыма құнды" атты Маңғыстау газетінің 45 жылына орай  Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист Үміт Жәлекемен кездесу кеші өтеді


Оқылған саны: 92

Әдеби кешіне шақырамыз!

icon

Қазан айында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған әдеби кеші өтеді. Келіңіздер! Көріңіздер!


Оқылған саны: 97

"Өнер өріндегі өр тұлғалар"

iconiconicon

Өнер бөлімінде "Өнер өріндегі өр тұлғалар" атты ІІ жартыжылдық кітап көрмесі өз жұмысын бастады.    


Оқылған саны: 190

«Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды.

iconicon

Құрметті оқырман! «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды.

Іс-шараның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы оқу орындарының қызметкерлері мен кітапханашылардың арасында өткізілген сауалнама нәтижелері бойынша оқырмандардың көптеген пікірлері мен ұсыныстарының негізінде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» таңдалынып алған болатын.


Оқылған саны: 611

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы


Оқылған саны: 657

«Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз жұмысын бастады.

«Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз жұмысын бастады. 


Оқылған саны: 3184

«Ажур +» атты қолөнер клубына шақырамыз

iconiconicon

«Ажур +» атты қолөнер клубына шақырамыз 


Оқылған саны: 4816