• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Артына өшпес із қалдырған нар тұлға - Қолғанат Нұржаубайұлы

28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін қосқан ел ағаларының бірі, өлкетанушы, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақтау қаласының құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері - Қолғанат Нұржаубайұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Артына өшпес із қалдырған нар тұлға» атты еске алу кеші өтті. 

Қолғанат Нұржаубайұлы сонау Маңғыстаудың шалғай ауылынан шығып, Республика көлеміндегі алғашқылардың бірі болып, тарихшы-археолог мамандығын алып шыққан тұлға. Маңғыстаудан шыққан тұңғыш археолог, Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы. Қызылқала, Шерқала ортағасырлық бекініс-қалалары мен өлкенің археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтерді зерттеуші. Ол жастайынан елмен етене араласып, жан-жақты қабілетімен, қандай құрметке де лайықты азамат екенін көрсетеді. Қай салада жұмыс істесе де артына өшпес із қалдырып, елдің ықыласы мен алғысына бөленеді. 

Облыс аймағындағы мәдени іс-шараларға белсене араласып, ел құрметіне бөлніп жүрген сыйлы азамат, заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлымен, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова апасымен жақын аралас болып, олардың батасын алған жан. Қолғанат Нұржаубайұлы МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де журналист болып жүріп, облыстағы көптеген өзекті мәселелерді ортаға салып, оның шешілуіне үлкен үлесін тигізді. Оның «Шәмбілдің шаңырағы», «Тағылым», «Емші», «Таушығым құт мекенім» деген кітаптары, бірнеше мақалалары жарық көрген. Еске алу кешінде Қолекеңнің өмірінен сыр шертетін бейнеүзік көрсетіліп, жиналған қауым ерекше тебіреніспен тамашалады. Кешке Қолғанат Нұржаубайұлының белгілі ұстаз, ғалым, ақын замандастары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Ел ағаларынан белгілі дәрігер Сүлеймен Бердәулетов, Аққұлов Қаржау, Нұров Саламат, Құрмет орденінің иегері, ақын Сабыр Адай, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі», математик Ванов Қуантқан, математика-физика ғылымдарының докторы, ғалым Дүйсенбаев Баймұқанбет, жас өлкетанушы Кенжебек Сержан сөз сөйлеп өз естеліктерін айтты. Сонымен бірге, кеште Қолғанат ағаның өлеңдері оқылып, әсерлі әңгімелері айтылды. Облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Темірбек Асқамбаев «Тойбастар» жырын орындап, көпшілікке өнерін паш етті. Кітапхана ұжымының атынан Нұргүл Еңсегенова да сөз сөйлеп, Қолғанат ағаның аманат сөзін айтып еске алды.

Қолекеңнің тоқсан жастан асқан ағасы Ізбасқан ақсақал бастап, жұбайы Қамаш апай мен баласы Асқар Қолғанатұлы қорытынды сөз сөйлеп, ұйымдастырушы кітапхана ұжымына, жиналған қауымға өз ризашылығын білдірді. Кеш соңында Қолғанат Нұржаубайұлының рухына құран бағышталып, арнайы дайындалған көрмеге естелікке суретке түсті.




28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап  кітапханасында "Домбыраның қоңыр үні" атты өлке домбырашыларымен кездесу кеші өтті. ...

Жаңалыққа өту  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог  Орақ Байғалиевтің шығармашылығына арналған «Менің жырым – бүкіл әлем, байтақ ән» ...

Жаңалыққа өту  

Елбасының " Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар ...

Жаңалыққа өту  

24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай Бәлдеков» атты өмірбаяндық, тарихи-танымдық кітаптың тұсауы кесілді. Кітап ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін яғни 23 қаңтар күні, Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында, ҚР Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында ...

Жаңалыққа өту  

29 қараша күні, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі.  Ұлттық мәдениет – рухани болмыс Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, ...

Жаңалыққа өту  

Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ғасырлардағы көсемі. Ер Қосай Қазақ хандығы дами түскен кезеңде өмір ...

Жаңалыққа өту  

16 маусым күні ұстаз Ордалы Қосайдың "Кешені көрсін бүгінгі" атты оқырмандар конференциясы өтті. ...

Жаңалыққа өту  

10-маусым жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні Ақтаудағы «Өрнек» сән үйінің директоры Ниязова Нұрияш Нұрбергенқызымен әсерлі, әдемі кездесу кеші өтті. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу