Артына өшпес із қалдырған нар тұлға - Қолғанат Нұржаубайұлы
28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін қосқан ел ағаларының бірі, өлкетанушы, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақтау қаласының құрметті азаматы, Құрмет орденінің иегері - Қолғанат Нұржаубайұлының туғанына 70 жыл толуына орай «Артына өшпес із қалдырған нар тұлға» атты еске алу кеші өтті.
Қолғанат Нұржаубайұлы сонау Маңғыстаудың шалғай ауылынан шығып, Республика көлеміндегі алғашқылардың бірі болып, тарихшы-археолог мамандығын алып шыққан тұлға. Маңғыстаудан шыққан тұңғыш археолог, Маңғыстау облысының тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушы. Қызылқала, Шерқала ортағасырлық бекініс-қалалары мен өлкенің археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтерді зерттеуші. Ол жастайынан елмен етене араласып, жан-жақты қабілетімен, қандай құрметке де лайықты азамат екенін көрсетеді. Қай салада жұмыс істесе де артына өшпес із қалдырып, елдің ықыласы мен алғысына бөленеді.
Облыс аймағындағы мәдени іс-шараларға белсене араласып, ел құрметіне бөлніп жүрген сыйлы азамат, заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлымен, поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова апасымен жақын аралас болып, олардың батасын алған жан. Қолғанат Нұржаубайұлы МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де журналист болып жүріп, облыстағы көптеген өзекті мәселелерді ортаға салып, оның шешілуіне үлкен үлесін тигізді. Оның «Шәмбілдің шаңырағы», «Тағылым», «Емші», «Таушығым құт мекенім» деген кітаптары, бірнеше мақалалары жарық көрген. Еске алу кешінде Қолекеңнің өмірінен сыр шертетін бейнеүзік көрсетіліп, жиналған қауым ерекше тебіреніспен тамашалады. Кешке Қолғанат Нұржаубайұлының белгілі ұстаз, ғалым, ақын замандастары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ел ағаларынан белгілі дәрігер Сүлеймен Бердәулетов, Аққұлов Қаржау, Нұров Саламат, Құрмет орденінің иегері, ақын Сабыр Адай, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің үздігі», математик Ванов Қуантқан, математика-физика ғылымдарының докторы, ғалым Дүйсенбаев Баймұқанбет, жас өлкетанушы Кенжебек Сержан сөз сөйлеп өз естеліктерін айтты. Сонымен бірге, кеште Қолғанат ағаның өлеңдері оқылып, әсерлі әңгімелері айтылды. Облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Темірбек Асқамбаев «Тойбастар» жырын орындап, көпшілікке өнерін паш етті. Кітапхана ұжымының атынан Нұргүл Еңсегенова да сөз сөйлеп, Қолғанат ағаның аманат сөзін айтып еске алды.
Қолекеңнің тоқсан жастан асқан ағасы Ізбасқан ақсақал бастап, жұбайы Қамаш апай мен баласы Асқар Қолғанатұлы қорытынды сөз сөйлеп, ұйымдастырушы кітапхана ұжымына, жиналған қауымға өз ризашылығын білдірді. Кеш соңында Қолғанат Нұржаубайұлының рухына құран бағышталып, арнайы дайындалған көрмеге естелікке суретке түсті.
23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін өткізу дәстүрге айналған. Бүгін шалғайдағы Таушық ауылының ақыны Медет ...
ХҮІІІ ғасырда Маңғыстау өлкесінде Адайлардың түпкілікті қоныстана бастауында ерекше көзге түскен батырлар Балуанияз, Атақозы, Шотан, Есен, Қармыс, ...
Ақбөбек-Қайып оқиғасы Маңғыстау жұртшылығына жақсы таныс. Ол жөнінде мың құбылған аңыз да жетерлік. Кітап та жетерлік. Маңғыстауда туып-өсіп, ...
23 ақпан күні оқу залында қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор. КСРО және Қазақстанның ...
2017 жылдың 17 ақпан күні Облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Халықаралық ана тілі күніне орай "Тіл - тіршіліктің бастауы" атты ақпараттық ...
Ақпанның 7-жұлдызында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастырумен ХVІІІ ғ. Маңғыстау өңірінен шыққан айтулы ақын Абыл Тілеуұлының өмір жолы ...
Жасөспірім бөлімінің қызметкерлердің ұйымдастыруымен ХХ ғасырдың ең үздік 10 спортшысы сапында спорт тарихына алтын әріппен жазылған, әлемдегі ең ...
Кеңестік және қазақстандық әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өзбекстанның Еңбек сіңірген мәдениет ...
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау облысы - 11 желтоқсан 2015 жыл, Астана қаласы) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет ...
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек ері, халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш әлемі» ...