• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл

Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ғасырлардағы көсемі. Ер Қосай Қазақ хандығы дами түскен кезеңде өмір сүріп, қазақ ұлты мен мемлекеттігін нығайтуға үлес қосқан ірі тарихи тұлғалардың бірі. Әділдігімен, шешендігімен мәлім, Орта Азия халықтарының ынтымақты, бейбіт өмір сүруіне ықпал етті. Жер, су дауларын қантөгіске жеткізбей шешті. Бүгінгі Жаңаөзен қаласының қасындағы Ер Қосайдың бастауымен қойылған «Ер Сары қайрағы» қада тас белгісі тұрған жерде көрші халықтар өкілдерінің басқосуы өтіп тұрған. Жорықтардың бірінде отбасы опат болған Ер Қосай екінші рет түрікменнің Ер Сары көсемінің қызы Оғылмеңліге үйленген. Одан алты ұл Байбол, Тіней, Әйтей, Бөгей, Бәли, Сүйіндік (Жаманадай) тарқаған. Одан қазақ ертегілеріндегі жезтырнақпен, таутайлақпен айқасып жеңген әйгілі Есекмерген, жорық жыршылары, ақындар, жыраулар, өнер шеберлері Қалнияз, Абыл, Нұрым, Қашаған сынды дүлдүлдер тараған. 

Жаңаөзен қаласында Ер Қосай атындағы мешіт, теңізде кеме бар. Ер Қосай мен Оғылмеңлі ана кәзіргі Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласына жақын Бестөбе деген жерде жерленген, бастарына мазар орнатылған. 

27 қазан күні жасөспірім бөлімін ұйымдастыруымен Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл толуына орай тарихи-танымдық сағат өтті.



30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист Рахат Қосбармақпен "Маңғыстаудың арда ұлы" кездесу кеші өтті. Кешке ...

Жаңалыққа өту  

Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан ...

Жаңалыққа өту  

«Туған жер – туған ел» базалық жобасы аясында 7 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында облыстық тарихи-мәдени қорық және архив құжаттама мамандарымен ...

Жаңалыққа өту  

15 қаңтар күні кітапханамыздың балалар бөлімі кітапханашылары  Маңғыстаудың біртуар перзенті, ұлтжанды азамат, Каспий аймақтық таукен комбинатының ...

Жаңалыққа өту  

28 қараша күні кітапханамызда ақын, журналист Анар Шамшадиновамен кездесу өтті. ...

Жаңалыққа өту  

14 қараша күні күйші, жыршы, ақын Мұрат Өскінбайұлының туғанына 115 жыл толуына орай облыстық филармония залында "Маңғыстаудың қартымын, бұрынғының ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың дүлділі, атақты күйші Сержан Шәкіраттың 80 жас толуына арналған кітап көрмесі кітапханамыздың өнер бөлімінде өз жұмысын ...

Жаңалыққа өту  

18 қыркүйек күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Мұрын жырау Сеңгірбекұлының туғанына 160 жыл толуына орай "Өнері - өмірінің жалғасындай" атты престиж ...

Жаңалыққа өту  

22 тамыз күні  кітапханамызда «Маңғыстау медиа» телеарна және Қ. Сыдиықов атындағы МОӘК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  жыршы Жеткізген Сейітовтың ...

Жаңалыққа өту  

24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері"  атты кездесу кеш өтті. Кештін құрметті қонақтары: Қазақстанға Еңбегі сіңген қызметкер, ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу