• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл

Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ғасырлардағы көсемі. Ер Қосай Қазақ хандығы дами түскен кезеңде өмір сүріп, қазақ ұлты мен мемлекеттігін нығайтуға үлес қосқан ірі тарихи тұлғалардың бірі. Әділдігімен, шешендігімен мәлім, Орта Азия халықтарының ынтымақты, бейбіт өмір сүруіне ықпал етті. Жер, су дауларын қантөгіске жеткізбей шешті. Бүгінгі Жаңаөзен қаласының қасындағы Ер Қосайдың бастауымен қойылған «Ер Сары қайрағы» қада тас белгісі тұрған жерде көрші халықтар өкілдерінің басқосуы өтіп тұрған. Жорықтардың бірінде отбасы опат болған Ер Қосай екінші рет түрікменнің Ер Сары көсемінің қызы Оғылмеңліге үйленген. Одан алты ұл Байбол, Тіней, Әйтей, Бөгей, Бәли, Сүйіндік (Жаманадай) тарқаған. Одан қазақ ертегілеріндегі жезтырнақпен, таутайлақпен айқасып жеңген әйгілі Есекмерген, жорық жыршылары, ақындар, жыраулар, өнер шеберлері Қалнияз, Абыл, Нұрым, Қашаған сынды дүлдүлдер тараған. 

Жаңаөзен қаласында Ер Қосай атындағы мешіт, теңізде кеме бар. Ер Қосай мен Оғылмеңлі ана кәзіргі Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласына жақын Бестөбе деген жерде жерленген, бастарына мазар орнатылған. 

27 қазан күні жасөспірім бөлімін ұйымдастыруымен Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл толуына орай тарихи-танымдық сағат өтті.



18 сәуір күні кітапханамызда  жасөспірім  бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері Сайын Шапағатов құрған "Парасат" қозғалысының белді мүшесі, ақын ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда өнер бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанға танымал ұжым «Жорға» би ансамблінің жетекшісі,  дарынды хореограф Серік Сариевпен жастардың ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың  балалар бөлімінде "Ауғанның отты жылдары" атты Ауған ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кеш қонақтары Бейсенбай Тауманов, ...

Жаңалыққа өту  

6 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.  Кештің құрметті қонақтары: «Маңғыстау облыстық Ауған соғысы ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстау облысы əкімінің қолдауымен, облыстық мəдениет басқармасының ұйымдастыруымен ақын, ұстаз Оңайгүл Тұржанның "Дала, сенің қараймын ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған» арнаулы кітапханада  ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткері, әнші (тенор), ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен желтоқсан куәгерлерімен дәстүрлі кездесу шарасы өтті. Кездесуге Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр ...

Жаңалыққа өту  

16 қараша күні балалар бөлімінде Жерлесіміз, талантты балалар ақыны, Көмек Ыбырайұлымен кездесу кеші өтті. Кешке қаламыздағы 8, 12 мектептің 4 сынып ...

Жаңалыққа өту  

8 қараша күні өнер бөлімінде "Мың бояулы Маңғыстау" атты әңгіме сағат өтті. Әңгіме сағатына Маңғыстау өнер колледжінің 1 курс студенттері қатысты. ...

Жаңалыққа өту  

18 қазан күні  кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешіміздің кейіпкерлері осы Маңғыстау өңірінде өмір ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу