• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл

Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ғасырлардағы көсемі. Ер Қосай Қазақ хандығы дами түскен кезеңде өмір сүріп, қазақ ұлты мен мемлекеттігін нығайтуға үлес қосқан ірі тарихи тұлғалардың бірі. Әділдігімен, шешендігімен мәлім, Орта Азия халықтарының ынтымақты, бейбіт өмір сүруіне ықпал етті. Жер, су дауларын қантөгіске жеткізбей шешті. Бүгінгі Жаңаөзен қаласының қасындағы Ер Қосайдың бастауымен қойылған «Ер Сары қайрағы» қада тас белгісі тұрған жерде көрші халықтар өкілдерінің басқосуы өтіп тұрған. Жорықтардың бірінде отбасы опат болған Ер Қосай екінші рет түрікменнің Ер Сары көсемінің қызы Оғылмеңліге үйленген. Одан алты ұл Байбол, Тіней, Әйтей, Бөгей, Бәли, Сүйіндік (Жаманадай) тарқаған. Одан қазақ ертегілеріндегі жезтырнақпен, таутайлақпен айқасып жеңген әйгілі Есекмерген, жорық жыршылары, ақындар, жыраулар, өнер шеберлері Қалнияз, Абыл, Нұрым, Қашаған сынды дүлдүлдер тараған. 

Жаңаөзен қаласында Ер Қосай атындағы мешіт, теңізде кеме бар. Ер Қосай мен Оғылмеңлі ана кәзіргі Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нөкіс қаласына жақын Бестөбе деген жерде жерленген, бастарына мазар орнатылған. 

27 қазан күні жасөспірім бөлімін ұйымдастыруымен Ер Қосай Құдайкеұлының туғанына 510 жыл толуына орай тарихи-танымдық сағат өтті.



26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ҚР Сот жүйесінің құрметті қызметкері, журналист, телерадио жəне ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай кітапханамыздың өнер бөлімінде кітап көрме ұйымдастырылды.  Шамшадин ...

Жаңалыққа өту  

24 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында батыр Балуанияздың туғанына 200 жыл толуына орай "Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы" ...

Жаңалыққа өту  

16 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторының ұйымдастыруымен музыка аспаптарын жасаушы, сыбызғышы Әнесов Балапаштың туғанына ...

Жаңалыққа өту  

4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері  Оразов Сағидолламен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне №9 орта мектептің 9 сынып ...

Жаңалыққа өту  

17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен археолог Андрей Астафьевпен кездесу кеш өтті.  ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мамедов Байрам, «Боевое братство» атты Ауғанстан ...

Жаңалыққа өту  

6-наурыз Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда "Естен кетпес есімдер" атты  әнші, сазгер Ізімов Ыбырай Қанатұлын еске алу кеші өтті.  Шараға күйші, ...

Жаңалыққа өту  

Наурыздың 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  кітапханамызда «Ұлттық киім-ұлтымыздың мақтанышы» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу