• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Хадиша Бөкеева. «Қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы»

23 ақпан күні оқу залында қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор. КСРО және Қазақстанның халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай «Өнер» бөлімі тарапынан ұйымдастырылған «Қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы» атты портрет кеш өтті.Кешіміздің қонағы болып сценарист-драматург Жәнібек Әлікен, театр және кино актері, ҚР-ның мәдениет қайраткері Нартай Сауданбекұлы, эстрада жұлдызы, әнші, копозитор, сатирик Құрмаш Махан және прозайк, театр және кино актері, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, сонымен бірге Маңғыстау облыстық Н.Жантурин атындағы музыкалық-драма театрының актрисалары Бейсенбина Анар, Эльмира Шаңытбайқызы қатысты.Ал кешіміздің көрермені №9 орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен Ақтау қалалық шет тілі колледжі студенттері болды.Кеш барысында актриса Хадиша Бөкееваның актерлік қырының сан түрлілігі және сомдалған образдарының мәнері ашылды. Экран бетінде Хадиша Бөкеева атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді.Жиналған жастар, оқушы қауымы өнер иелеріне, актерлерге жан-жақты қонымды сұрақтар қойып, қызу пікір-талас өтті.Біздің алдымызда, жанымызда сонау екінші дүниежүзілік соғысының батыры, аға лейтенант Қасым ролін сомдаушы актер Қуандық Қыстақбаевтің болғанын мақтаныш етеміз.

Театр әлемінен тамаша актерлік кәсіп туралы сыр шерткен Нартай Сауданбекұлының жауабы оқушы және студент қауымының көңілінен шықты.Ал драматургия саласы бойынша қойылған сұрақ көпшіліктің өнер деген ұғымын, алға самғатып тіптен жиналған қауым арасынан болашақ актерлер қатарын толтырушылар бар екенін көрсетті. Қонақтарымыз өнер майталмандары актерлік мамандықтың сара жолын, жеңіске жетудегідегі ізденіспен кездесер қиындықтардан мойымауға жетеледі. Актерлермен қатар отырып жүзбе-жүз әңгімелесу жастар мен кітапхана қызметкерлеріне қуаныш пен мақтаныш сезімін қатар сыйлады. 



26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ҚР Сот жүйесінің құрметті қызметкері, журналист, телерадио жəне ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай кітапханамыздың өнер бөлімінде кітап көрме ұйымдастырылды.  Шамшадин ...

Жаңалыққа өту  

24 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында батыр Балуанияздың туғанына 200 жыл толуына орай "Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы" ...

Жаңалыққа өту  

16 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторының ұйымдастыруымен музыка аспаптарын жасаушы, сыбызғышы Әнесов Балапаштың туғанына ...

Жаңалыққа өту  

4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері  Оразов Сағидолламен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне №9 орта мектептің 9 сынып ...

Жаңалыққа өту  

17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен археолог Андрей Астафьевпен кездесу кеш өтті.  ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мамедов Байрам, «Боевое братство» атты Ауғанстан ...

Жаңалыққа өту  

6-наурыз Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда "Естен кетпес есімдер" атты  әнші, сазгер Ізімов Ыбырай Қанатұлын еске алу кеші өтті.  Шараға күйші, ...

Жаңалыққа өту  

Наурыздың 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында  кітапханамызда «Ұлттық киім-ұлтымыздың мақтанышы» атты кездесу кеш ұйымдастырылды. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу