• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді: “Қауышу” деп аталған кітаптың тұсауы кесілді.

Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді

“Маңғыстау” газетінің белді тілшісі Үміт Жәлекенің әңгімелер жинағы түрік тіліне аударылып, бауырлас мемлекеттің оқырмандарына жол тартты.

5-сәуір күні облыстық кітапханасында “Қауышу” деп аталған кітаптың тұсауы кесілді.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, Түркияның Ақтаудағы Бас консулы Сабри Альптекин, ардагер журналистер мен өлкенің ақын-жазушылары қатысты.

Жинақ Ыстамбұл қаласында басылды. Түрікшеге аударған Ашур Өздемір.

Жинақтағы әңгімелерде өлкенің өр болмысын, Маңғыстау жұртының бет-бейнесін, өмір салтын Үміт апай кейіпкерлері арқылы керемет жеткізген.

Маңғыстау түбегінің кешелі-бүгінді тарихынан сыр шертетін бұл жинақ бауырлас түрік ағайындарының көңілінен шығып, журналист әрі жазушы Үміт Жәлекенің оқырмандарының саны бірнеше есе артады деген сенімдемін.

Бүгінгі шара “Маңғыстау” газетінің 50, “Маңғыстау-Медиа” медиахолдингінің құрылғанына 10 жыл толуына орайластырылған шаралар топтамасының беташары. Бізге қолдау көрсеткен облыстық кітапхана мен облыстық филармония ұжымына алғыс айтамыз!




15-ақпан күні  облыстық кітапханасы өнер секторының ұйымдастыруымен "Кітапханадағы кездесу "айдарымен ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі,  өнер дүлдүлі, ...

Жаңалыққа өту  

25-қаңтар күні облыстық кітапхана техникалық әдебиеттер бөлімінде майталман теміржолшы, Қазақстанның "Құрметті Ардагер теміржолшысы", "ҚР Журналистер ...

Жаңалыққа өту  

24 қаңтар күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасында, Маңғыстаудың азаматы бас геолог Шаңырбаев Иманмәді Шаңбасұлының 75 жас толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Өтежан Алшымбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

 27 қыркүйек күні  Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Әл-Фараби ...

Жаңалыққа өту  

 22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық Мыңбай" атты Мыңбай Әжібайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, сыбызғышы Айтуған Тайұлының биыл 220 жылдық мерейтойы аясында ...

Жаңалыққа өту  

11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ" ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ. Баяндама ...

Жаңалыққа өту  

13 желтоқсан күні кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Маңғыстау ақын-жазушыларының қатысуымен "Кітап –ұлттың қазынасы" ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу