Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді: “Қауышу” деп аталған кітаптың тұсауы кесілді.
Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді
“Маңғыстау” газетінің белді тілшісі Үміт Жәлекенің әңгімелер жинағы түрік тіліне аударылып, бауырлас мемлекеттің оқырмандарына жол тартты.
5-сәуір күні облыстық кітапханасында “Қауышу” деп аталған кітаптың тұсауы кесілді.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, Түркияның Ақтаудағы Бас консулы Сабри Альптекин, ардагер журналистер мен өлкенің ақын-жазушылары қатысты.
Жинақ Ыстамбұл қаласында басылды. Түрікшеге аударған Ашур Өздемір.
Жинақтағы әңгімелерде өлкенің өр болмысын, Маңғыстау жұртының бет-бейнесін, өмір салтын Үміт апай кейіпкерлері арқылы керемет жеткізген.
Маңғыстау түбегінің кешелі-бүгінді тарихынан сыр шертетін бұл жинақ бауырлас түрік ағайындарының көңілінен шығып, журналист әрі жазушы Үміт Жәлекенің оқырмандарының саны бірнеше есе артады деген сенімдемін.
Бүгінгі шара “Маңғыстау” газетінің 50, “Маңғыстау-Медиа” медиахолдингінің құрылғанына 10 жыл толуына орайластырылған шаралар топтамасының беташары. Бізге қолдау көрсеткен облыстық кітапхана мен облыстық филармония ұжымына алғыс айтамыз!
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында "Домбыраның қоңыр үні" атты өлке домбырашыларымен кездесу кеші өтті. ...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог Орақ Байғалиевтің шығармашылығына арналған «Менің жырым – бүкіл әлем, байтақ ән» ...
Елбасының " Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар ...
24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай Бәлдеков» атты өмірбаяндық, тарихи-танымдық кітаптың тұсауы кесілді. Кітап ...
Бүгін яғни 23 қаңтар күні, Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында, ҚР Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа ...
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында ...
29 қараша күні, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Ұлттық мәдениет – рухани болмыс Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, ...
Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ғасырлардағы көсемі. Ер Қосай Қазақ хандығы дами түскен кезеңде өмір ...
16 маусым күні ұстаз Ордалы Қосайдың "Кешені көрсін бүгінгі" атты оқырмандар конференциясы өтті. ...
10-маусым жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні Ақтаудағы «Өрнек» сән үйінің директоры Ниязова Нұрияш Нұрбергенқызымен әсерлі, әдемі кездесу кеші өтті. ...