Абай ақынның өлеңдерін нүктелі-бедерлі қаріптегі өлеңдер жинағы.
Қабиболла Сыдиықов ат-ғы Маңғыстау облыстық кітапханасында оқырмандардың әр түрлі топтары: балалар, жастар, үлкендермен қатар мүгедек оқырмандарға да тең құқылы қызмет көрсетіледі, ел жаңалықтары таныстырылып, әр түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мүгедектермен жұмыс негізінен көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарды магнитофон лентасына жазылған кассеталармен қамтамасыз ету, оқу машинкасын пайдалану арқылы кітап оқыту, баспасөздегі жаңалықтарды дауыстап оқып беру, кітапханаға өздігінен келе алмайтын мүгедектерге үйлеріне кітап апарып беру бағыттарында жүргізіледі. Оқу машинкасы “Книголюб” арқылы кассетаға жазылған көркем әдебиеттер және Брайль жүйесімен жазылған нүктелі-бедерлі кітаптар тұрақты оқырмандарға күн сайын оқытылып отырады. Көздері көрмесе де, көңілдері ояу, жаңалыққа жаны құмар жандар үшін кітапхана қызметкерлері Б.Көшенова мен Д.Қожанова техника көмегімен Абай ақынның өлеңдерін нүктелі-бедерлі кітапша етіп шығарды. Жаздырып оқимын деушілерге кітапхана есігі ашық. Мекен-жайы: 11 шағын аудан, №16 үй, 52-пәтер. Көз мүгедектері кітапханасы.
Н. Еңсегенова
Кітап көрмені тамашалауға шақырамыз! 12.01.2023 жылы Оқу залында Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 111 жыл толуына орай "Мақтан ...
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ...
Кітапханамызда 12-16 желтоқсан күндерінде 16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай тарихи сағаттар, патриоттық кештер, кітап көрмелер ...
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен ...
Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Өтежан Алшымбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...
Облыстық кітапханада Саламат Мұқашевты еске алу кеші өтті. Басқосуда еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың ел дамуы мен ...
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МЕРЕЙІ МЕН ДЕҢГЕЙІ, ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ӨРКЕНІН ӨСІРУДЕ ҚЫРУАР ПАЙДА КЕЛТІРЕТІН ОСЫНАУ РУХАНИ ҚАЗЫНАМЫЗ – КІТАП. АЛ КІТАП ...
Құрметті оқырмандар! Кітап қорымыз жаңа кітаппен толығуда. 19 қазан күні кітапханада Ұстаз Джолманова Нұрлан Серікбаевичтың "Ел бол!" атты кітабының ...
Техникалық әдебиеттер бөліміне қыркүйек айының 15 жұлдызы күні N 25 мектептің жоғарғы сынып оқушылары кітапхананың кітап қорымен танысу мақсатында ...
14 қыркүйекте "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында "Маңғыстау Руханият" қоғамдық қорының мұрындық болуымен колледж ...