Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді: “Қауышу” деп аталған кітаптың тұсауы кесілді.
Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді
“Маңғыстау” газетінің белді тілшісі Үміт Жәлекенің әңгімелер жинағы түрік тіліне аударылып, бауырлас мемлекеттің оқырмандарына жол тартты.
5-сәуір күні облыстық кітапханасында “Қауышу” деп аталған кітаптың тұсауы кесілді.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев, Түркияның Ақтаудағы Бас консулы Сабри Альптекин, ардагер журналистер мен өлкенің ақын-жазушылары қатысты.
Жинақ Ыстамбұл қаласында басылды. Түрікшеге аударған Ашур Өздемір.
Жинақтағы әңгімелерде өлкенің өр болмысын, Маңғыстау жұртының бет-бейнесін, өмір салтын Үміт апай кейіпкерлері арқылы керемет жеткізген.
Маңғыстау түбегінің кешелі-бүгінді тарихынан сыр шертетін бұл жинақ бауырлас түрік ағайындарының көңілінен шығып, журналист әрі жазушы Үміт Жәлекенің оқырмандарының саны бірнеше есе артады деген сенімдемін.
Бүгінгі шара “Маңғыстау” газетінің 50, “Маңғыстау-Медиа” медиахолдингінің құрылғанына 10 жыл толуына орайластырылған шаралар топтамасының беташары. Бізге қолдау көрсеткен облыстық кітапхана мен облыстық филармония ұжымына алғыс айтамыз!
28-қараша күні "Достық" үйінде қазақ халқының, қазақ әдебиетінің маңдайына біткен жарық жұлдызы Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған ...
17.11.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде Ауыл шаруашылық қызметкерлер күніне орай "Еңбек - бақыт ...
16-қазан күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан Мәслихаттарының 30 жылдық мерекесі аясында, қоғам қайраткері, «Барыс» орденінің ...
2023 жылғы 12 қазанда, Ақтау қаласында Достық үйінде Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдық мерейтойы аясында ...
26.09.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде 28 қыркүйек - Дүниежүзілік теңіз күніне орай ...
Бүгін кітапханамызда «KitapTime - 2023» жалпы республикалық кітап фестивалі облыстық кітапханада өтті. Шара барысында кітап көрмелер, әдеби кештер, ...
Бүгін облыстық кітапханаға қазақ эпосының белгілі зерттеушісі, аудармашы Жаңабаев Қанат аға келіп, қызықты да тартамды кездесуді өткізді. Қайрат ...
Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша ...
Бүгін елімізде Абай күні аталып өтеді. Еске салайық, 2020 жылдың 4 тамызында Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, «Қазақстандағы мерекелік күндердің ...
Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 165 жыл. Осыған орай облыстық кітапханасында ...