КИБО - «Балдәурен» сауықтыру лагерінде
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасына сәйкес тұрғындарды ақпаратпен толыққанды қамтамасыз ету үшін кітапханада «Ақпараттық - кітапханалық қызмет көрсету жиынтық» (КИБО) кешенді машинасы стационардан тыс қызмет көрсетеді. Кешенді машинада ноутбук, ксерокөшірме, сканермен қатар интернетке шығуға мүмкіндік беретін спутниктік байланыс жүйесі орнатылған. Каникул күндері басталды. Оқушылар жаздық сауықтыру лагерлерінде демалыста. Бүгін «Балдәурен» сауықтыру лагерінде қызмет көрсетілді. Балаларға әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпараттық сағат және чемпион аталары - Әмин Тұяқов туралы әңгіме өткізілді. Әріптестік байланыс орнатып, балалар демалысын кітаппен ұштастырған «Дарын» білім беру орталығы ұжымына үлкен алғыс!!!
Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету кешені (Комплексно информационно- библиотечного обслуживания) (КИБО) Кітапхананың материалдық-техникалық ...