• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Оқуға ұсынамыз

Әсем Қоспағарова “Қызыл орамал” прозасы.

«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды

Жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау. Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы Жасөспірімдер бөлімі қордағы жастарға арналған кітаптарды таныстыруды одан әрі жалғастырады. Жас қаламгер Әсем Қоспағарова

1979 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген . 1997-2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетін тәмамдаған. 2003 жылы «Шабыт» фестивалінде әдебиет номинациясы бойынша дипломат атанған. Жас қаламгердің алғашқы жинағы оқырмандарға жол тартты.

Әсем Қоспағарова “Қызыл орамал” прозасы. Прозадан үзінді:

- Маматай, мен Санк-Петербургке барам. Питерге! -дедім.

Сен болсаң:

- Санк -Петербург, - деп, әлсіз ғана қайталап, альбомыңдағы суретке сағынышпен қарай түстің.Көк сандықтың аузы айқара ашық екен. Бізге жұмбақ дүниелеріңді көріп отырсың, соншалықты мұң сыйлайтын не нәрсе екенін білгім келді. Жақындап едім, альбомның бетін жаба қойдың, көзім тізеге төгіліп жатқан қызыл орамалға түсті.

12.11. 2000

...Бүгін Қызыл орамалды қызым сұрады. Оған бәрін айтуым керек еді. Өз уақыты келер деп жүрмін. Екеуміздің махаббатымыздың көзі болып қалған сол орамал ғой. Оны көрген сайын сен қасымда тұрғандай боласың. Сағындым!

Жастықтың сырлы сезімі, өмір құндылықтары мен ауыл, қала тіршілігі шынайы суреттелген . Қаламгердің бұл кітабына "Ол","Қара кемпір","Міністр " сынды әдеби орта мен оқырмандар ықыласына бөлініп өз бағасын алған әңгімелері мен қатар жаңа туындылары енген. Кітапты біздің кітапхана сөресінен таба аласыздар немесе #kazneb.kz сайтынан оқи аласыз #2021балаларменжасөспірімдердіңкітапоқужылы #маңғыстаукітапханасы 

: 12:14  


Тағы да басқа кітаптар біздің кітапханамызда.

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Әдеби кітаптармен танысқысы келетін,кітаптарды қызығушылықпен оқитын барлық оқырм

Жаңалыққа өту  

Уважаемые сотрудники библиотек, учителя,читатели. Эта книга рекомендована Министерством РК для включения в обучение. Педагогам школ и вузов РАЗНЫХ ...

Жаңалыққа өту  

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет саласы бойынша Нобель қорынан берілетін сыйлық. 1895 ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Әдеби кітаптармен танысқысы келетін,кітаптарды қызығушылықпен оқитын барлық оқырм

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу