ЖУРНАЛИСТИКА ЖҮЙРІГІ Жәмек Мүслімұлының «Көз жеткен» кітабын оқуға шақырамыз.
ЖУРНАЛИСТИКА ЖҮЙРІГІ
Жәмек Мүсілімұлы Оспанов (1928, Атырау қаласы – 1996) – журналист, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
1946 ж. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетінде оқи жүріп, «Социалистік Қазақстан» газетінде корректор болып жұмыс жасаған. Университетті бітіргеннен кейін де осы редакцияда әдеби хатшы, әдеби қызметкер болған.
1977 жылдан Маңғыстау облыстық «Коммунистік жол» газетінің редакторы, облыстық теледидар және радио комитетінде бас редактор қызметтерін атқарған. Очерктері, мақалалары бірнеше жинақта қазақ, орыс тілдерінде жарияланған. Н.Пановтың «Шахмат үйренушілерге көмек» деген кітабын аударды. Бірнеше рет Республикалық Журналистер одағы съезіне делегат болып сайланды. ХШЖК-нің қола медалінің иегері.
Кітапханамыздың «Өлкетану» залына келіп, Жәмек Мүслімұлының «Көз жеткен» кітабын оқуға шақырамыз. Кітапқа автордың әңгімелері, өлең, фельетон, очерктері енген.
: 14:02Ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтерде болып, ел басқарған, Маңғыстау түбегінің түлеуі жолында түн ұйқысын төрт бөліп, маңдай терін төг
Ақын, журналист, жазушы, өлкетанушы Медет Дүйсеновтың кітаптарын оқуға ұсынамыз.
Маңғыстау түбегін түгел шарлап, өлкенің арғы-бергі тарихын талмай зерттеп жүрген белгілі өлкетанушы, жазушы Отыншы Көшбайұлының шығармаларын ...
Өлке туралы тарихи, танымдық зерттеу, публицистикалық кітаптардың авторы, «Маңғыстау» энциклопедиясы 1-басылымының алқа мүшесі және авторларының ...
Өлкетану қорынан: Әдебиетші-ғалым, ақын, журналист Қабиболла Сыдиықұлының бұл кітабы - көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Кітапта автордың «Қазақ Совет ...
Бектұр Төлеуғалиұлының бұл тарихи повесі ел басына төнген нәубет - "Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама" оқиғасымен тығыз байланысты. Шығармада сол ...
Кітапханамыздың «Өлкетану» залына келіп, Жәмек Мүслімұлының «Көз жеткен» кітабын оқуға шақырамыз. Кітапқа автордың әңгімелері, өлең,
Халық батыры Т. Төлеғожаұлы туралы тереңірек танысқыларыңыз келсе кітапханамыздың Өлкетану залынан таба аласыздар.
"Сөйлесе, сөздің шешені". Тілеген Мәмбетұлының туғанына 160 жыл. Мәмбетұлы Тілеген ( 1863 - 1926) жылдар аралығында өмір сүрген Маңғыстау билерінің ...