• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Маңғыстау суретшілері

Байекеев Бірғали

 Байекеев Бірғали (1953 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – журналист, суретші, ақын, сазгер, Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1981).[1]

Мазмұны   [жасыру

Өмірбаяны[өңдеу]

Бірғали Байекеев 1953 жылы Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында туған. Шайыр орта мектебін бітірген. 5 жасынан сурет салумен машықтанған Бірғалидың тырнақалды туындылары ХХ ғасырдың 60 жылдарында балалардың «Балдырған» журналына, «Қазақстан пионері» газеттеріне жариялана бастады. Ең алғашқы жүлдесі 1970 жылы «Лениншіл жас» газеті ұйымдастырған республикалық конкурстың лауреаты атанды.

ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін (1981), Мәскеудегі халық өнері университетін бітірген (1989).

1972 – 1983 жж. - Маңғыстау ауданыБейнеу ауданы газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Маңғыстау» облыстық газетінің меншікті тілшісі болды.[2]

Шығармашылығы[өңдеу]

Байекеев қазақ бейнелеу өнеріндегі тұңғыш линогравюрист. Өзінің графика жанрында салған суреттерін жетілдіріп, күрделі сала ксилографияға тән линографюралық туындыларды дүниеге әкелген. Бұл саланы меңгерген қазақ суретшілері некен-саяқ.

Бірғали Байекеев ТобаниязҚұныскерей, Кеңес Одағының Батыры Біләл Қалиевтің толыққанды портреттерін тұңғыш дүниеге келтірді. Ол- орталық басылымдарға суреттерін жариялаған түбектегі тұңғыш қылқалам шебері. «Қарашаңырақ», «Айназар», «Мекенім-Маңғыстау», «Жетіген», «Қандыкөш» және басқа да кітаптарды безендірген.

Байекеев Маңғыстау ауданының 75 жылдығына арналған «Өскен орда» тарихи-танымдық шолу кітабының (2003) авторы әрі редакторы. Байекеевтің өлең-жырлары «Қызғыш құс» (2003), «Өлкенің өнер күмбезі» (2003), «Ақкетігім-арқауы ән-жырымның» (2006) жинақтарына енген.

Марапаттары[өңдеу]

Бүкілодақтық әуесқой суретшілердің (1982) және бейнелеу (1983) конкурстарында республикалық сатиралық «Ара» журналының бейнелеу өнері конкурсында (1984), республикалық «Парасат» журналының өнертанушыларға арналған талғам жарысында (1990) жүлделі орындарды иеленген.

Қазақстан ЛКЖО ОК-нің Құрмет грамотасының, бірнеше дипломдардың иегері.[3] Бірғали Байекеев 2013 жылы 30 сәуірде "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталды. 2014 жылы "Құрметті журналист" атағы берілді. 



“ ...Планеталардың дәл мундай көз қарықтырар ”жарқы- рауы мен гажайып жүлдыздар жаңбырын мен басқа еш жерден көрген ем

Жаңалыққа өту  

1924 жылы Ставрополь өлкесінің Иргаклы поселкесінде туып,  2000 жылы қайтыс болған. Кескіндемеші. Арнайы білім алмаған. Үлы Отан соғысының ардагері. ...

Жаңалыққа өту  

1953 жылы Нальчик қаласында туған. Кескіндемеші, бедерлеуші, көркемдеуші. 1978 жылы Н.Крупская атындағы сырттай халықтық өнер университетін бітірген. ...

Жаңалыққа өту  

1951 жылы Днепродзержинск қаласында туған. Суретші. Арнайы білімі жоқ. Маңғыстауда 1974 жылдан бері тұрады. 1987 жылдан бастап бірнеше қалалық, ...

Жаңалыққа өту  

1943 жылы Свердловск қаласында туған, 2001 жылы дүниеден өтті. Ағаш оюшы. Арнайы білім алмаған. Маңғыстауда 1961 жылдан бері тұрған. 1998 жылдан бері ...

Жаңалыққа өту  

1937 жылы Ростов облысының Таганрог қаласында туған. Кескіндемеші. Арнайы білім алмаған. Маңғыстауда 1977 жылдан бастап түрады. 1998 жылдан бері ...

Жаңалыққа өту  

1939 жылы Иваново облысының Бусино ауылында туған. Флорист. Арнаулы білімі жоқ. 1968 жылдан бері Маңғыстауда. 1976-1985 жылдары СПТУ-4 кәсіптік ...

Жаңалыққа өту  

1966 жылы Қарақалпақстанның Хожелі қаласында туған. Театр суретшісі. 1985 жылы Нөкіс қаласындағы онер училищесін бітірген. 1995 ...

Жаңалыққа өту  

1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Кескіндемеші. Монументальдық-сәндеу өнерімен де айналысады. 1987 жылы Алматыдағы көркемөнер ...

Жаңалыққа өту  

1963 жылы Орал қаласында туған. Сызбашы, сәндік колданбалы өнердің шебері. 1987 жылы Витебск технологиялык институтында жеңіл өнеркөсіп саласының ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу