• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Маңғыстау суретшілері

Байекеев Бірғали

 Байекеев Бірғали (1953 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – журналист, суретші, ақын, сазгер, Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1981).[1]

Мазмұны   [жасыру

Өмірбаяны[өңдеу]

Бірғали Байекеев 1953 жылы Маңғыстау ауданының Шайыр ауылында туған. Шайыр орта мектебін бітірген. 5 жасынан сурет салумен машықтанған Бірғалидың тырнақалды туындылары ХХ ғасырдың 60 жылдарында балалардың «Балдырған» журналына, «Қазақстан пионері» газеттеріне жариялана бастады. Ең алғашқы жүлдесі 1970 жылы «Лениншіл жас» газеті ұйымдастырған республикалық конкурстың лауреаты атанды.

ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін (1981), Мәскеудегі халық өнері университетін бітірген (1989).

1972 – 1983 жж. - Маңғыстау ауданыБейнеу ауданы газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Маңғыстау» облыстық газетінің меншікті тілшісі болды.[2]

Шығармашылығы[өңдеу]

Байекеев қазақ бейнелеу өнеріндегі тұңғыш линогравюрист. Өзінің графика жанрында салған суреттерін жетілдіріп, күрделі сала ксилографияға тән линографюралық туындыларды дүниеге әкелген. Бұл саланы меңгерген қазақ суретшілері некен-саяқ.

Бірғали Байекеев ТобаниязҚұныскерей, Кеңес Одағының Батыры Біләл Қалиевтің толыққанды портреттерін тұңғыш дүниеге келтірді. Ол- орталық басылымдарға суреттерін жариялаған түбектегі тұңғыш қылқалам шебері. «Қарашаңырақ», «Айназар», «Мекенім-Маңғыстау», «Жетіген», «Қандыкөш» және басқа да кітаптарды безендірген.

Байекеев Маңғыстау ауданының 75 жылдығына арналған «Өскен орда» тарихи-танымдық шолу кітабының (2003) авторы әрі редакторы. Байекеевтің өлең-жырлары «Қызғыш құс» (2003), «Өлкенің өнер күмбезі» (2003), «Ақкетігім-арқауы ән-жырымның» (2006) жинақтарына енген.

Марапаттары[өңдеу]

Бүкілодақтық әуесқой суретшілердің (1982) және бейнелеу (1983) конкурстарында республикалық сатиралық «Ара» журналының бейнелеу өнері конкурсында (1984), республикалық «Парасат» журналының өнертанушыларға арналған талғам жарысында (1990) жүлделі орындарды иеленген.

Қазақстан ЛКЖО ОК-нің Құрмет грамотасының, бірнеше дипломдардың иегері.[3] Бірғали Байекеев 2013 жылы 30 сәуірде "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталды. 2014 жылы "Құрметті журналист" атағы берілді. 



1961 жылы Белоруссияның Гродненск облысы Кареличи поселкесінде туған. Кескіндемеші, ағаш оюшы. 1985 жылы Витебск педагогикалық ...

Жаңалыққа өту  

1956 жылы Грузияның Поти қаласында туған. Кескіндемеші. 1975 жылы Джемал атындағы Дағыстан көркемөнер училищесін бітірген. 1976 жылдан бері ...

Жаңалыққа өту  

Өмір сүрген жылдары - 1958-2000. Кескіндемеші. Ашхабад қаласындағы Шота Руставели атындағы Түркменстан көркемдік училищесін 1980 жылы бітірген. ...

Жаңалыққа өту  

Қазақ халқы - музыканы жан дүниесімен түсінеді, сондықтан да казақ суретшілері табиғаттың терең сырлы құпияларын сазды әлеммен байлан

Жаңалыққа өту  

 Байекеев Бірғали (1953 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – журналист, суретші, ақын, сазгер, Қазақстан журналистер одағының мүшесі ...

Жаңалыққа өту  

Айтбай Құлбай - белсенді өмірлік позициясы бар суретші-экстраверт. Оның жігерлі өнері Қазақстан бейнелеу өнерінің

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу